Maidanmedia.kz — Ақпараттық майдан алаңы
ЖаңалықтарКөкжиек

Жамбыл облысында агрессивті жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды

Жамбыл облысында агрессивті жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды
Жамбыл облысында супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер полиция қызметкерлерімен жауапкершілікке тартылды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрекі сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан.

«Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсіру блогер үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды», делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері азаматтарды көшеде және қоғамдық орындарда заңды бұзбай,өзгелердің өміріне қауіп төндірмеуге, жолда тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек

admin_mm

Ерлан Төлеутай халықаралық кинофестивальде “Үздік актер” атанды

admin_mm

Айгүл гүлі: аңыз бен шындықтың тоғысқан мекені

admin_mm