Maidanmedia.kz — Ақпараттық майдан алаңы
ЖаңалықтарМінбер

Полиция экс-министрдің “ұсталғаны“ туралы ақпаратты тексеруді бастады

Полиция экс-министрдің “ұсталғаны“ туралы ақпаратты тексеруді бастады

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа қатысты жалған мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар Telegram-арналарда бұрынғы қорғаныс министрі ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда ІІМ баспасөз қызметі бұл мәліметтерді жоққа шығарып, тергеу басталғанын хабарлады.

«Сұранымда көрсетілген тұлғаның ұсталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша Астана Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі – бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар

16 млн қазақстандықтың жеке деректері сыртқа шықты: Цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mm

Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек

admin_mm

Жамбыл облысында агрессивті жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды

admin_mm