Maidanmedia.kz — Ақпараттық майдан алаңы
ЖаңалықтарМінбер

Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізген келіссөздер нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды

Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізген келіссөздер нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Ақорданың хабарлауынша, екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты.

Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізген келіссөздер нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды

Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.

Тоқаев пен Си Цзиньпин жүргізген келіссөздер нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды

Бұған дейін Тоқаевтың Ақорда резиденциясында Си Цзиньпинді қарсы алғанын жазғанбыз. Одан кейін Мемлекет басшысы ҚХР төрағасымен келіссөз жүргізуді бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасының елімізге сапары оның туған күнімен тұспа-тұс келіп отырғанына ерекше мән беріп, Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке, жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. Келіссөз барысында Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және стратегиялық серіктесі деп атады. Сондай-ақ Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Айгүл гүлі: аңыз бен шындықтың тоғысқан мекені

admin_mm

Қазақстандағы АЭС-те қандай мамандар жұмыс істей алады

admin_mm

16 млн қазақстандықтың жеке деректері сыртқа шықты: Цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

admin_mm