Maidanmedia.kz — Ақпараттық майдан алаңы
ЖаңалықтарТыныс

Ерлан Төлеутай халықаралық кинофестивальде “Үздік актер” атанды

ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛЬДЕ “ҮЗДІК АКТЕР” АТАНДЫ

Қырғыстан астанасы Бішкек қаласында өткен III халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетіп, белгілі қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» көркем фильміндегі Әбіл рөлі үшін Ерлан Төлеутай «Ең үздік ер адам бейнесі» аталымын жеңіп алып, фестивальдің Бас жүлдесі «Ақ Ілбіріс» мүсінімен марапатталды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Тоқтығұл Сатылғанов атындағы ұлттық филармонияда аталмыш кинофестивальдің салтанатты ашылуы өткізіліп, кинофорумның символы «Аспан жолымен» қонақтарды қарсы алу рәсімі өткізілген еді.

Оған министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымәлиев пен Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев келіп қатысты.

Осы кеште Орта Азия елдерінен және әлемнің басқа да түкпірлерінен келген режиссерлер, сценаристер, продюсерлер, актерлар, киносыншылар, сарапшылар баспасөз өкілдеріне түрлі сұқбаттар берді. Олардың арасында 26 елден келген 80-ге жуық делегация өкілдері болды.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар бауырлас қырғыз елінің бай фольклорлық мұраларынан арнайы бағдарлама әзіреп, 30-дан астам көркем және деректі филмдерді үлкен экраннан көрсетіп, жетекші сала өкілдерінің шеберлік сабақтарын және жас киноматографистер үшін жүлде қоры бар питчинг сессиясын өткізуге жан-жақты жағдай жасады.

Министрлер кабинеті төрағасы атап өткендей, Бішкек халықаралық кинофестивалі Орта Азия киноматографиясын дамыту үшін және кино мамандарының кәсіби алаңы ғана емес, сонымен қатар әлем көреремендерін біріктіретін, сондай-ақ, қырғыз елінде өтіп жатқан салаға халықаралық инвестиция тартуға серпін беретін маңызды мәдени оқиға.

Жеңімпаздарға табысталған барыс мүсінінің мәніне клсек, 2023жылдан бастап барыс жануары ресми түрде Қырғыстанның ұлттық символы болып танылды. Оның үстіне қырғыз бауырлар үшін барыс Манас батырдың тотемдік жануары және ол адам мен табиғаттың ажырамас байланысының белгісі.

Кинофестивальдің жеңімпазы, белгілі өнертанушы әрі актер Ерлан Төлеутай бұған дейін фестиваль аясында қырғыз елінің рухани өмірінен, сол елдің мәдениеті мен әдебиеті жайында репартаждар жасап, дүбірлі шараға көз тіккендер үшін құнды ақпараттар таратып, жалпы, кино мәдениеті туралы өзінің азаматтық ой-пікірімен бөлісіп отырды. Ол мәліметтерден киношараға әйгілі италяндық актер Микеле Плачидоның арнайы келіп қатысқаны және режиссер Сергей Бодровтың «Монгол» фильмінің қызрғыз жерінде көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

Айта кетсек, Ерлан Төлеутайдың бұл жүлдесі КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 2019 жылы Анапа қаласында өткен ХХVІІІ халықаралық «Киношок» кинофестиваліндегі «Ең үздік ер адам рөлі» жүлдесін жеңіп алғаннан кейінгі қазақ киносының қоржынына түскен кезекті халықаралық жүлде. Асанәлі Әшімовтың бұл жеңісімен Мәдениет министрлігі арнайы құттықтап, ерекше ілтипат танытқан еді.

Майра Қуанышқызы

Ұқсас жаңалықтар

Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек

admin_mm

Полиция экс-министрдің “ұсталғаны“ туралы ақпаратты тексеруді бастады

admin_mm

Жамбыл облысында агрессивті жарнама түсірген блогер жауапқа тартылды

admin_mm